8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар қауымының төл мерекесі. Колледжде осы  әлемдегі ең аяулы жандарға арналған «Ана – өмірдің гүлі» атты меркелік концерт өтті.Концертке жиналған нәзік жандарды колледж басшысының ӨТ жөніндегі орынбасары Ахметшаихов А.А. құттықтады. Ана жүрегінің жылуы күліп тұрған күн қызуынан кем емес. Бәріміз де ананың ақ сүтімен ,әлдиімен ,жан шуағымен өсіп жетілдік. «Жұмақтың кілті - ананың табанында». Бұл терең мағыналы сөз.Ол, ананың ризашылығын алған адам екі дүниеде де бақытты болатынын білдірсе керек.Жалпы айтқанда, ананың балаға деген мейірімі,баланың анаға деген махаббаты шексіз, оны тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.Студенттер өздерінің анаға деген құттықтауларын ән мен жыр, би арқылы жеткізді. Концерт көрермендердің көңілінен шықты.

  • 14 мар, 2023