6.04.23-8.04.23 аралығында Мәскеу қаласында жасөспірімдер мен жас балалар арасында қоян-қолтық ұрыстан әлем біріншілігі өтті. ҚР Ұлттық құрамасына Қазақстан чемпионы біздің колледждің В-211 тобынан Яцков Артем студенті енді. 24 елдің өкілдері арасында өткен жарыстың қорытындысы бойынша 16-17 жас аралығындағы 76 салмақ дәрежесі бойынша Артем 3-ші жүлделі орынға ие болды.