Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелері қарсаңында АӘД оқытушысы Ы.Е. Әбдуходжаев бастаған ПМ 112 тобы әскери-техникалық мектептің ашық есік күніне қатысты.

Мектеп директоры запастағы подполковник А. В. Кузнецов студенттерге мектептің қызметі және олардың алдында тұрған міндеттер туралы айтып берді.

Сондай ақ саптық дайындық бөлімшесінің үйлесімділігі және улы заттардан жеке қорғаныс құралдарын кию бойынша нормативтерді орындау сияқты практикалық сабақтар көрсетілді. Сондай-ақ, біздің студенттерге қару-жарақ, оқу-жаттығу қалашықтары мен сыныптар көрсетілді.

  • 04 мая, 2023