"Келешек мектебі": 800-ге жуық ауыл мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтті  ҚР Білім министрлігінің" Өрлеу " біліктілікті арттыру ұлттық орталығы "Келешек мектебі" ұлттық жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Курс LMS сандық платформасында жүзеге асырылады.  Білім беру үдерісі 11 оқу пәні бойынша ұйымдастырылды. Мұғалімдерге қажетті Оқу материалдары мен диагностикалық тапсырмалар берілді. Мұғалімдер өз пәндері бойынша заманауи әдістемелер мен өзекті мазмұнды тиімді игерді.

  • 16 июн, 2025