2020 жылдың 02 наурызында Жоғары электроника және коммуникацияларколледжінде Павлодар облысы колледждерінің студенттері арасында "Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігінде қозғалысты басқару"мамандығы бойынша "Тасымалдауды ұйымдастыру, Автоматика, телемеханика және байланыс " (ОП, АТ және байланыс) арнайы пәндер апталығы шеңберінде колледждің жұмыс жоспарына сәйкес облыстық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты-ғылыми әлеуетті және бәсекеге қабілеттілікті арттыру; темір жол көлігі саласында мамандарды кәсіби даярлау сапасын жетілдіру, сондай-ақ таңдаған мамандыққа деген қызығушылықты арттыру және дарынды және талантты студенттерді анықтау болып табылады.
Олимпиада 2 турдан тұрды:
1 тур - темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастырудың негізгі пәндерін білу бойынша сұрақтардан тұратын теориялық бөлім (тест тапсырмалары-60 балл). Тестілеу қорытындысы бойынша А. М. Қанағатова - 54 балл, Е. А. Мухина - 44 балл, А. В Барашева - 42 балл жинады.
- "АБ және ПАБ аралығының станциясы мен учаскесі" 3D макет-тренажері бойынша
- Станция жұмысының 6 сағаттық жоспар-кестесін жасау
Қалған 9 қатысушыға сертификаттар берілді