15 ақпанда баскетболдан екінші курс студенттері арасында колледж чемпионаты аяқталды. EVT – 212 тобының командасы 3-орынға ие болса, екінші орынға В-212 студенттік командасы, ал ПМЛ-212 тобының баскетболшылары чемпион атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!