Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі көлік-логистика саласы бойынша кадрлар даярлау бағытында өткен «Сенімді түлек» Республикалық форумына қатысты. Форумды «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикисы Көлік министрлігі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, бейінді оқу орындары, «Атамекен» ҚР ҰКП және Еңбек мобильділігі орталығының өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында келесі мәселелер қаралды:
1) студенттерді дуалды оқыту мен практикалық даярлауды дамыту;
2) мамандарды даярлау жүйесін трансформациялау;
3) оқу орындарының түлектерін жұмысқа тарту “ҚТЖ” ҰК “ АҚ кейіннен жұмысқа орналастыру;
4) өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа форматтарын іздеу. Форумға қатысушыларға теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының материалдық-техникалық жарақтандырылуы көрсетілді. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары колледжімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

  • 12 мар, 2025