Қазақстан Республикасы Күнінмерекелеу қарсаңында 2 курс студенттері үшін "Туған елімнің мен патриотымын" атты оқу-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияның негізгі мақсаты патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу, рухани-адамгершілік өскелең ұрпақты қалыптастыру; ел тарихына деген қызығушылықты дамыту, өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш, өз өлкесін, халықтың салт-дәстүрлерін тереңірек білуге ұмтылу болды.Конференция қатысушыларына арнайы пәндер оқытушылары Ж.Е. Садықова мен А. К. Шаймарданова құттықтаусөз сөйлеп, ұлттық мерекені атап өтудің маңыздылығын айтып кетті.Бектұрсын Б. (Э-212 т.), Ертас Р. (ПО-212 т.), А. Орунгожинаның (Э-212 т.) баяндамалары студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Республика күнін мерекелеудің маңыздылығын, тәуелсіздік жылдарындағы елдің негізгі жетістіктерін, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған мәселелерді талқылады.«Туған елімнің мен патриотымын» атты оқу-тәжірибелік конференция қызу пікірталаспен мазмұнды да тәрбиелік мәні зор бағытта өтті. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары, қызықты және мазмұнды презентациялар ұсынғаны үшін алғыс айтамыз!