Павлодар облысының білім басқармасы электроника және коммуникациялар жоғары колледжінің базасында қоғам қайраткері, жазушы Жан Ақжановпен ойынға тәуелділік мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырды. Жиынға мектептер мен колледждердің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілері мен орынбасарлары шақырылды. 250-ден астам мұғалім қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе – құмар ойындарға тәуелділікті талқылады. Іс-шараның мақсаты: халық арасында ойынға тәуелділіктің алдын алу, ойынға тәуелділік мәселесін ашу. «Ойынға тәуелділіктің алғашқы белгілері мектеп жасында пайда болуы мүмкін, сондықтан мұғалімдер, мектеп және колледж әкімшілері бұл мәселеден хабардар болуы керек», - деп атап өтті Жан Ақжанов.